Өйткені осыдан бір ай бұрын ғаламтор кеңістігіндегі авторлық құқықтарды қалай сақтауға боладыдеген мәселеге қатысты қауымдастық бастамасымен өткен жиынға бұл топтан бірде-бірі өкіл шақырту алмаған. “Алайда еліміздегі жетекші порталдар ретінде ол отырысқа қатысуымыз міндетті еді”,- дейді. Сол жиында біраз маңызды шешімдер қабылданған. «Ал біздің талап-тілектеріміз ескерусіз қалды», -дейді сайт жетекшілері. Мәселен, ендігіде сайттардан кино, ән көшіру авторлық құқықты бұзу болып табылады. Бұл онсыз да қаралымы аз қазақстандық сайттардың рейтингісін одан бетер төмендеткен. Жарнама берушілер де отандық порталдардан гөрі ресейлік кеңістікті қалайды.
Қамшыбек Қасымбеков, “Namba.kz” порталының жетекшісі:
— Бұл тұста біздің пікірімізбен санасып, келісіп жатқан ешкім жоқ. Мұндайдан кейін оның салдары қауымдастыққа емес, бізге тиеді. Сондықтан осы және өзге де мәселелерді екі жаққа тиімді шешу үшін күш біріктіруді сұраймыз. Неге біз өзіміздің әлеуметтік кеңістігіміз тұрғанда, өзгелерге тәуелді болуымыз қажет? Бұған мемлекеттік деңгейе қарау қажет. Үкімет басы мен ақпарат министріне де хат жолауымыздың себебі осы.