Қабанбай батыр тірі болса, осы жобаны қабылдаған жанды жекпе-жекке шақырар ма еді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қабанбай батыр тірі болса, осы жобаны қабылдаған жанды жекпе-жекке шақырар ма еді

Қабанбай батыр тірі болса, осы жобаны қабылдаған жанды жекпе-жекке шақырар ма еді

Әлеуметтік желіде Асхат Қасенғали қала көшелерінің бірін жөндеуге жұмсалатын қаржы туралы сөз қозғады. 

  • 26 Маусым 2020
  • 124
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы facebook-те жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Астана қаласында Қабанбай батыр көшесін 91 млрд, 699 млн теңге жұмсап, реконструкциядан өткізбек екен. 91 МЛРД!

Биыл "Алматы жастары" деген бағдарлама кезекті мәрте өтіп жатыр. Қателеспесем оған 13 млрд теңге бөлінген. Яғни 13 млн теңгеден 1000 жас баспаналы болмақ. Қырғын кезек.

Ал енді мына 91 млрд 699 млн теңгені сол 13 млнға бөлсем, 7053 жас үйлі болады екен. 7053! Әр отбасында 4 адамнан деп есептесек, 28212 адамды тентіреп, табан тоздырып, пәтер жалдаудан құтқаруға болады. Әрине үйді тегін бермейсің. Ұзақ жылға бөліп бересің. Барлық баспана алу бағдарламасы сияқты.

Менің түсінбейтінім Қабанбай батыр көшесін жөндеу соншалықты қажет па? Пандемия уақытында осынша қаржы шашу көп емес па?


Түсінуім бойынша қаржының біраз бөлігін Қытайдың Экспорт-Импорт банкінен алып отыр. Қысқасы сөз жоқ. Қабанбай батыр тірі болса, осы жобаны қабылдаған жанды жекпе-жекке шақырар ма еді.

Соңғы жаңалықтар