Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің 2014 жылғы 22 қазандағы өкімімен Қадырхан Махмұтұлы Отаров облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

  • 22 Қазан 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz

Қ.М.Отаров 1953 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастады. Бас зоотехник лауазымынан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейінгі еңбек жолын өтті. 1994 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейін Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымдарында болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін маусым айынан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, 4 мерейтойлық медальдармен марапатталды.


Еске сала кетсек, осыған дейін облыс әкімнің бірінші орынбасары лауазымын Рәшит Әкімов атқарды. Рәшит Қайыржанұлы 2014 жылдың 1 қазанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайланған болатын.