Қала әкімдігінің қолдауымен "Қазақстандағы бүгінгі отбасы және оның мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қала әкімдігінің қолдауымен "Қазақстандағы бүгінгі отбасы және оның мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі

Қала әкімдігінің қолдауымен "Қазақстандағы бүгінгі отбасы және оның мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі

Алматы. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және политология факультеті мен гендерлік білім орталығы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 29 қыркүйекте "Қазақстандағы бүгінгі отбасы және оның мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 1391
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары Қазақстандағы әлеуметтік жаңару үдерісін талқылауды әйелдер мен ер азаматтардың теңдігі идеясын декларациялық қабылдаудан, демографиялық сауалдар мен қазақстанның заманауи отбасы түйткілді мәселелерін нақты шындыққа жанастыру арқылы жүзеге асыратын болады.

Іс-шараларға көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, зерттеушілер, теоретиктер мен тәжірибешілер қатысады.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасайды.

Отбасы және демографиялық қатынастар саласындағы қоғамдық-саяси және ғылыми-әдістемелік тақырыпты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары жалғастырады.

Шындығында, дәл бүгін Қазақстан алдында адам дамуының маңызды мәселесі тұр. Отбасы, гендерлік қатынастар, демография — бұл адам капиталының тұтас бөлігі болып келеді. Оны нығайту Қазақстан дамуының жаңаруы мен жеделдеуіндегі басты күш ретінде қарауға болады.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы барлық отбасы-демографиялық түйткіл мәселелердің нақты негізгі жақтарын қарастыру жоспарлануда. Олардың қатарында: отбасын әлеуметтік қолдауды құқықтық қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту мүмкіншіліктері, заманауи жағдайындағы отбасы құндылықтары, отбасы ерекшелігін социологиялық зерттеу, баланы, ананы, ата-ананы мемлекеттік қолдау мәселелері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті