“Рейтингі ең жоғарғы жоба және рейтингі ең жоғары тележүргізуші Аша Матай! Сіңлім болғандықтан үндемей қала алмадым. Егер жоба осындай жоғары рейтинг көрсетсе, демек халық оны жақсы көреді және ол біздің менталитетімізге сай келеді. Факт қашан да факт болып қала бермек. Сіңлім үшін жүрегім ауырып отыр. Әріптестерім мені түсінеді деген ойдамын. Бірақ ақыр соңында басқа емес, бәрібір көрермен таңдау жасайды. Аша, мен қандай жағдай болмасын, сенімен біргемін”, – деп қолдау білдірді Бағым Мақсатқызы.
Айта кетейік, жуырда Сәкен Майғазиев “Қалаулым” бағдарламасына қатысқан әріптестерін сынға алған еді. Көп ұзамай бірқатар өнер иелері Сәкенді қолдап, “Қалаулымға” қарсы флешмоб ұйымдастырды. Ал Аша Матай жобаны көретін көрермен барда “Қалаулымның” жалғаса беретінін кесіп айтты.
Оқи отырыңыз:
“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады.
"Қалаулым" жалғаса бермек – Аша Матай
Ерке Есмахан сүйікті адамы үшін сахнадан кетуге дайын ба, жоқ па?