“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады

“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады

Атышулы шоуға отандық жұлдыздар қарсылықтарын білдіріп флешмоб бастап кетті. 

  • 3 Наурыз 2018
  • 7008
Фото - Caravan.kz

Иә, елімізде дәл осындай шу тудырған бағдарлама болған емес! Аталған шоуды күн сайын елімізде 6 миллионнан аса жан, яғни ел халқының тура үштен бір бөлігі тамашалайды екен. Халық жанашырлары “Қалаулымның” қазаққа жат дүние екенін айтып, алты айдан бері дабыл қағып келеді. Алайда оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жуырда Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” басы-қасында жүрген әріптестеріне деген өкпесін жеткізген еді. Ол: “Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?” – деп әріптестеріне деген базынасын айтты.

Бұл орайда бір топ өнер иелері Майғазиевтің жалғыз емес екенін айтып, оны қолдау мақсатында желіде флешмоб бастады. Олардың қатарында Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жаңай, “Өнер қырандары” әзіл-ысқақ театры бар.

“Өте дұрыс айттыңыз, Сәкен аға! Сіз қазақи салт-дәстүріміз бен қанымызға біткен текті тәлім-тәрбиені сақтап қалу мақсатында айтып жатырсыз. Әріптестерімізді де сол бағдарламаға барып, атсалыспауларын және соның рейтингін көтермеулерін сұраймыз”, – дейді “Өнер қырандары” театры.

“Құрметті Сәкен аға, сіз жалғыз емессіз! Мен де сізбен біргемін. Ол бағдарлама бізге керек емес және жастардың санасын улайтын бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Мені әлбетте шақырды, мен бармаймын деп шешім қабылдадым. Әріптестерімді бағдарламаға бармай-ақ қоюларын сұраймын. Қолдайтын жігіттер болса, мархабат”, – дейді Серік Ибрагимов.

Сол сияқты Ғаділбек Жаңай да Майғазиевке қолдау білдірді.

“Түкте жалғыз емессіз аға! Жанашырлығыз Жаратқаннан қайтсын! Біргеміз, берік іргеміз!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.

 

 

Соңғы жаңалықтар