Қалыңдық ұрлаудың құрбаны болған 20 жастағы қыз қансырап көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қалыңдық ұрлаудың құрбаны болған 20 жастағы қыз қансырап көз жұмды

Қалыңдық ұрлаудың құрбаны болған 20 жастағы қыз қансырап көз жұмды

Қырғызстанның Шу облысы Жайыл ауданының ішкі істер бөлімшесінде ер адам қызды пышақтап өлтіріп, өзіне қол жұмсамақ болған.

  • 28 Мамыр 2018
  • 96
Фото - Caravan.kz

Шу облысы ішкі істер басқармасының мәліметінше, 27 мамырда Бішкектің Бірінші май аудандық ішкі істер бөлімшесіне қыз баланы қалыңдық ету мақсатында ер адамның ұрлағаны жөнінде ақпарат түскен.

Іздестіру шаралары барысында Сосновка ауылында Subaru Outback маркалы жеңіл көлік тоқтатылады. Көлікті 29 жастағы жігіт жүргізген. Салонның ішінде 30 жастағы ер адам мен 20 жастағы бойжеткен болған. Олардың бәрі Жайыл ауданындағы милиция бөлімшесіне жеткізілген.

Құжаттарды әзірлеу барасында бойжеткен азаматтарды қабылдау бөлімінде болған. Біраз уақыттан кейін 29 жастағы көлікті жүргізген ер адам бойжеткен отырған бөлмеге кіріп барып, есікті ішінен жауып алған. Бөлменің ішінен қыз баланың жан ұшырып айқайлаған дауысы шыққан. Милиция қызметкерлері есікті сындырып үлгергенше, қыз қансырап жатқан. Ер адам бойжеткенге және өзіне пышақ сұққан.

Бойжеткен ауруханада жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған. Күдікті ауруханада жатыр. Екінші жолаушы тергеу қызметіне жіберілген. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Соңғы жаңалықтар