Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын этика бойынша кеңес қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын этика бойынша кеңес қарайды

Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын этика бойынша кеңес қарайды

Ғаламторға тез тарап үлгерген Қапшағай әкімі Сәтжан Қиқымов пен оның алдына келушілердің арасындағы әңгіме түсірілген даулы бейнероликке Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 418
Фото - Caravan.kz

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл мәселе бақылауға алынған.

«Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың қызметтік этика нормаларын бұзуына байланысты, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің 25-тармағына сәйкес Алматы облысы этика бойынша кеңестің қарауына жіберілді. Қаралым қорытындылары туралы қосымша хабарланады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында кейбір БАҚ-та Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың азаматтарды қабылдау барысында келушілердің бірімен дөрекі сөйлескен видеосы жарияланған еді.


Соңғы жаңалықтар