Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді

Қапшағай су қоймасына 180 мыңнан астам биылғы шабақтар жіберілді

Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында өсірілген тұқы, дөңмаңдай және ақ амурдың 180 мыңнан астам биылғы шабақтары Қапшағай су қоймасына жіберілді, деп хабарланды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 3 Қазан 2013
  • 3858
Фото - Caravan.kz

Балқаш-Алакөл бассейнінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін биыл мемлекеттік бюджеттен 92 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұқы және өсімдікқоректі балықтардың биылғы шабақтарының 8,4 млн. данасын өсіріп, су айдындарына жібереді.

Бұдан бұрынырақ Қызылорда облысы аумағында Қамышлыбаш көлі мен Сырдария өзеніне тұқы, дөңмаңдай және ақ амур балықтарының 1,6 млн. астам шабақтары жіберілген болатын.

Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарына 2013 жылы 14,8 миллион биылғы және 420 мың дана екі жылдық шабақтар жіберілмек. Бұл мақсатта бюджеттен 192 млн. теңге бөлініп отыр.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ұдайы өндіріс кешенінің кәсіпорындары балықтандыру жұмыстарын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту жөніндегі бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.


Жалпы 2013 жылы ұдайы өндіріс кешенінің кәсіпорындары еліміздің су айдындарына құнды балық түрлерінің — бекіре, ақсаха, тұқы және өсімдікқоректі дөңмаңдай және ақ амурдың 158 млн. данадан аса шабақтарын жібермек.

Соңғы жаңалықтар