Жарияланды: 450

Қапшағай су қоймасында мұз үстінде қалған 35 балықшы құтқарылды

Қапшағай судан құтқару орталығының қызметкерлерінің күшімен мұз үстінде қалған 35 балықшы құтқарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Алматы облысында 17-ақпанда күшті желдің екпінімен Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауынан үлкен мұзды аумақ опырылып , су қоймасының ортасына қарай ағып кету салдарынан мұз үстінде 35 балықшы қалып қойған. Құтқару жұмыстары төрт сағатқа созылды. Кешкі сағат 19-да балықшылар жағалауға аман-есен жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін