Қапшағайда екі адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда екі адам суға батып кетті

Қапшағайда екі адам суға батып кетті

Қапшағай өңірі жедел құтқару жасағының сүңгуірлері суға кеткен екі жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды patrul.kz. Қайғылы оқи

  • 9 Тамыз 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz

Қапшағай өңірі жедел құтқару жасағының сүңгуірлері суға кеткен екі жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды patrul.kz.

Қайғылы оқиға 8 тамызда "Сәуле" демалыс орнында болған. Суға кеткендерді іздеуге жеті сүңгуір құтқарушылар жұмылдырылды.

Іздеу аумағында, құтқарушылардың өтінішіне сәйкес, барша  жұрт судан шықты. Оқиға куәгерлерінің сөзіне жүгінсек, жігіттер ескертулерді тыңдамай, резеңке қайыққа отырып кеткен екен. Олар 300 метрдей жерге алыстап, суға секіріпті, қайықты ағыс жағаға ағызып әкетсе керек.

Жас жігіттер (бірі 21-де, екіншісі 20-да) суға батып кеткен жерді оқиға куәгерлері бөтелкемен белгілеп қойыпты.


20 минут өткенде сүңгуірлер төрт метр тереңдіктен бір жігіттің денесін алып шықты. Екіншісін іздеу жалғастырылып, ол да көп ұзамай табылды.

 

Соңғы жаңалықтар