Қапшағайда мас жүргізуші 13 жастағы жасөспірімді басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайда мас жүргізуші 13 жастағы жасөспірімді басып кетті

Қапшағайда мас жүргізуші 13 жастағы жасөспірімді басып кетті

Қапшағайда жол апаты орын алды, велосипед теуіп келе жатқан 13 жастағы жасөспірім көлік доңғалағының астына түсіп, қайтыс болды.

  • 3 Маусым 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді басып кеткен жүргізуші ұсталып, қамалғанын хабарлады.

«Апатты көргендер жол-көлік қызметі қызметкерлеріне оқиға орнынан қашып кеткен көліктің маркасы мен түсін айтып берді. Жедел жоспар арқылы «Марк-2»  көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қапшағай-Алматы жолында ұсталды. Сараптама жүргізу кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды», — деп атап өтті Қапшағай ҚІІБ бастығы Т. Беркінбаев.

Кісі өліміне соқтырған  жол апаты фактісі бойынша ер адамға қылмыстық іс  қозғалып, сараптама тағайындалды.