Жарияланды: 3800

«Қақаған аязда бесігіммен бірге далаға лақтырған». Бүлдіршін кезінен зорлық-зомбылыққа ұшыраған қазақ әйелінің ашық әңгімесі

«Қақаған аязда бесігіммен бірге далаға лақтырған». Бүлдіршін кезінен зорлық-зомбылыққа ұшыраған қазақ әйелінің ашық әңгімесі Сурет - gazeta.ru

Ол өз өмірі туралы кітап жазып шығарды. Зорлық-зомбылыққа қарсы «Не молчи» қозғалысы Ләззат Рақышеваның «Ляззат – навстречу судьбе» атты кітабының тұсаукесер рәсімін өткізбек.

Бұл әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы халықаралық күнге (25 қараша) орайластырылған «16 сарғылт күн» шеңберінде ұйымдастырылып отыр, деп жазады «КАРАВАН» газеті.

Ләззат Рақышева аталған кітапты украин жазушысы Ирина Агапеевамен бірлесіп жазыпты. Ол басынан өткен жайттарды газет тілшісіне өз аузымен айтып берді.

«Мен дүниеге келгенде, әкем Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі болыпты. Нағашы әжемнің айтуынша, бір атышулы істі тергеген ол өте ықпалды адамдарды сотқа дейін алып барған. Оның мұнысын әлгі адамдардың туыстары кешіре алмапты. Әкем Алматыға іссапарға кеткенде, әлдебіреулер қараңғыда біздің үйге баса-көктеп кіріп, анамды желкесінен қатты затпен ұрып құлатқан. Сөйтіп, өзіне қол салған сияқты қылып асып қойған. Ал мен жатқан бесікті ақпанның аязды түнінде далаға лақтырыпты. Мені таңертең көршілер тауып алған. Қайта өзімнен алты жас үлкен ағам, бағына орай, сол кезде ата-әжеміздің үйінде болыпты. Әкем анамның өліміне қатысты іспен өзі айналыспақ болады. Бірақ оның кәрі әке-шешесі «бұлар әрі қарай да кек алады ғой» деп, жалғыз ұлдарының алдында тізерлеп отырып алып, оны райынан қайтарған» дейді Л.Рақышева.

Оны 1979 жылы алты жасқа да толмаған кезінде зорлаған. Сол күні өгей шешесінің (әкесі Ләззаттың төрт жасар кезінде тағы үйленген) бір туысы қайтыс болып, ол қызды алтыншы сыныпта оқитын ағасымен қалдырып, кетіп қалады.

«Сол күні мен үйге шаршап келіп, диванға жаттым. Ұйқылы-ояу жатып, біреулердің кіргенін естідім. Ағам шығар деп ойладым. Біреудің маған қарай еңкейіп жатқанын сезіп, көзімді ашсам, екі үлкен бала тұр. Олар жастықпен бетімді басты. Одан арғысы есімде жоқ» дейді біздің кейіпкеріміз.

Ләззат бұл жағдайды ешкімге айтпаған. Бірақ сұмдық хәлді бастан кешірген. Түнімен айғайлап шығып, еркек атаулыдан жеріне бастайды. Ақыр аяғында оны нағашы әпкесі тәуіпке алып барады.

«Тәуіп кемпір бірден бізге қарады да, менің қорқыныштан азап шегіп жүргенімді байқады. Бір нәрсені оқыды да, бұрыш-бұрышқа түкірді. Сосын мойныма тұмар тақты. Сол түні көп жылдан бері алғаш рет сұмдықтың бәрінен арылдым» дейді Л.Рақышева.

Ол осы нағашы әпкесі болмаса, кейін де талай зорлық көруі мүкін екенін айтып өтті...       

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін