Қарағанды гарнизонының соты Балхаштың ҰҚК жеті қызметкерін ақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды гарнизонының соты  Балхаштың ҰҚК жеті қызметкерін ақтап шықты

Қарағанды гарнизонының соты Балхаштың ҰҚК жеті қызметкерін ақтап шықты

Қарағанды. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды гарнизонының әскери сотының судьясы Виктор Букарев бүгін Балхаш қаласының ҰҚК жеті қызметкерін ақтайтын үкім шығарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 14 Наурыз 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Оларға қылмыстық кодекстің 145 бабының 3 тармағы (қызмет бабын пайдаланып, баспанаға қол сұғылмаушылық талабын бұзу), 380 баптың 1 тармағы (пайдакүнемдік үшін билік құзырын пайдалану) бойынша, 339 бап (сот әділдігіне қарсы шығу) және 321 баптың 1 тармағы(билік өкілдеріне қатысты күш қолдану) бойынша төрт айып тағылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің сотқа тартылу оқиғасы өткен жылдың қаңтар айының соңында болды. Сол кезде олар Балхаш ІІБ бастығы орынбасарының пәтерінен 100 грамм апиын тапқан. Тергеу кезінде анықталғанындай, майордың пәтеріне есірткіні газ қызметінің қызметкерімен деп өзін таныстырған бір әйел тастап кеткен.

Бұл оны ҰҚК қызметкерлерінің өтініші бойынша есірткі саудагері арқылы жасаған. Есірткі саудасымен айналысқан адам бұны тергеу кезінде растады, бірақ сотқа дейін өмір сүрмеді. Ол ҰҚК тергеу қапасында кенеттен қайтыс болған. Істі ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері тергеп, оны сотқа дейін жеткізді.

Айып таққан жақ соттың үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсіруге бел байлап отыр. «Үкіммен мен келіспеймін, менің пікірімше, сотта олардың қылмыстары дәлелденді, оқиға, қылмыс құрамы болды, сотта оның айғақтары анықталып дәлелденді. Сондықтын, бұл үкіммен мен келіспеймін және қарсылық шағымын түсіремін», — деді журналистерге сот ісі өткеннен кейін Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық істер жөніндегі сот үкімдерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Болат Есебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті