Қарағанды мешіті жұма уағызын қос тілде жүргізудің жолын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды мешіті жұма уағызын қос тілде жүргізудің жолын тапты

Қарағанды мешіті жұма уағызын қос тілде жүргізудің жолын тапты

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жұма уағызы енді қос тілде жүргізілетін болды. Бұл жайында осы мешітке қарасты ihsan.kz сайтына сілтеме жасап muslim.kz хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz


Ислам дінінің асыл құндылықтарын мешітке келушілерге барынша қолжетімді ету бағытында мешіттің намаз оқитын негізгі залына ұзындығы — 2,5 м, ал ені 50 см. болатын электронды жүгіртпе жол тақтасы орнатылды. Бұл тақтадан ғибраты мол хадистер мен аяттар, сондай-ақ хабарландырулар қазақ және орыс тілдерінде беріліп тұрады. "Өңірімізде тұратын халықтың басым бөлігі орыс тілді екендігі белгілі. Соған орай бұл жүгіртпе жолы арқылы қасиетті жұма намаздарындағы мінберден қазақ тілінде айтылған уағыз-насихаттың бір мезгілде орыс тіліндегі аудармасы беріліп отырады. Өз кезегінде бұл жаңашылдық орыс тілді жамағаттың уағыз-насихатты еркін қабылдауына мүмкіншілік беріп отыр. Бұл жаңашылдықты құп көрген қарағандылықтар мешітте жасалып жатқан игі істерге алғыстарын да айтып үлгерді", — делінген мешіт сайтында.