Қарағанды облыстық прокуратурасы осында келген шетелдіктер арасында қылмыс молайды деп дабыл қағады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облыстық прокуратурасы осында келген шетелдіктер арасында қылмыс молайды деп дабыл қағады

Қарағанды облыстық прокуратурасы осында келген шетелдіктер арасында қылмыс молайды деп дабыл қағады

Қарағанды облыстық прокуратурасының коллегиясы отырысында осында келген шетелдіктер, квота бойынша көшіп келген оралмандар мен көшіп-қонушылар, басқа да "шиеленісті нүктелерден" қоныс аударушылар арасында қылмыс молайды деп дабыл қағады.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 501
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, облыстағы қылмыс-қайшылықтың молаюы бірінші кезекте осында қоныс аударушылар санының артуымен тығыз байланысты болмақ. Өткен жылы Қарағанды облысына 34373 шетел азаматтары мен 1775 оралман квота бойынша көшіп келген. 2003-жылдың бірінші жартысында 28568 шетел азаматтары мен 2107 оралман, сондай-ақ, «шиеленісті нүктелерден» 1970 азамат көшіп келді.

2002-жылы 922 шетелдік Қазақстан аумағында тұру тәртібін бұзды. Әрбір төртінші заң бұзушы сот шешімімен республика аумағынан қудаланды. Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында ел аумағында тұру тәртібін бұзуға байланысты облысқа келген 397 мигрант елден шығарылды.
Прокуратура коллегиясында атап көрсетілгеніндей, құзырлы мемлекеттік органдардың мигранттарды бақылауы өте осал. Атап айтсақ, көші-қон және демография басқармасы оралмандардың өздеріне бөлінген пәтерлерде тұратын-тұрмайтындығына бақылау жасамайды, оларды жұмысқа орналастыру мәселесі мүлдем шешілмейді. Соның салдарынан мигранттар жұмыс іздеп ірі қалаларға үдере көшуге мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар