Қарағанды облысында 2015 жылы цемент шығаратын зауыт іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 2015 жылы цемент шығаратын зауыт іске қосылады

Қарағанды облысында 2015 жылы цемент шығаратын зауыт іске қосылады

Қарағанды облысының Сарань қаласында 2015 жылы отқа төзімді және арнайы маркалы цемент шығаратын зауыт пайдалануға беріледі.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 1453
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков инвестициялық қызмет жөніндегі комитет отырысында Сарань қаласының әкіміне индустрияландыру картасы шеңберінде орындалатын осы жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алу жөнінде тапсырма берді, деп аймақ басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

««Геополимер» ЖШС отқа төзімді және арнайы маркалы цемент өндіретін зауытының толық қуаттылыққа өтуі 2016 жылға белгіленген. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 105 мың тонна цементті құрайды. Бұл Қарағанды облысының құрылыс компаниядарының осы өнімге деген қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді», — деп отырыс барысында Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев мәлімдеді.

Бұл зауытта негізгі шикізат ретінде «Арселормиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының техногенді минералдық түзілімдері пайдаланылады. Бүгінгі таңда технологиялық қондырғыларға арналған өнеркәсіп алаңдары құрастырылып, қондырылады, оның ішінде шикізат түсіру және кептіру, химиялық компоненттерді мөлшерлеу және араластыру бар. Жеке қосалқы станция құрастырылып, энергия желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.


«Өнеркәсіп және индустриялдық-инновациялық даму басқармасына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп салынып жатқан цемент зауытын қажетті шикізат көлемімен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырамын», — деді Н.Әбдібеков отырысты қорытындылай отырып.