Қарағанды облысында бензин ішіп қойған бала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында бензин ішіп қойған бала қайтыс болды

Қарағанды облысында бензин ішіп қойған бала қайтыс болды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында бензин ішіп қойған бір жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса хабарлады.

  • 1 Тамыз 2016
  • 394
Фото - Caravan.kz

«30 шілде күні таңғы 5.40-та бензин ішіп ауруханаға түскен сәби қайтыс болды. Ауруханаға түскенде жағдайы тым ауыр еді. Қатты уланған, бас миы ісінген, осының бәрі өлімге алып келді», — деді Айжан Иса.

Айта кетейік, 28 шілде күні бір жасар бала Балқаш орталық ауруханасына жатқызылды. Ата-анасының айтуынша, пластик ыдыстан бензин ішіп қойған.

Баланың ата-анасына қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.