Бұқар жырау ауданындағы Ботақара ауылы маңындағы көлшікке ерінбегеннің бәрі келеді. Қармақпен балық аулауға құмар адамдар былай тұрсын, бұл жерде балалар да тізеден келетін суда оны қолмен-ақ ұстайды. Олар су тартылып кетсе, мұндағы тіршілік иелері текке қырылып қалады дейді. Мұндай құбылыс соңғы рет осыдан 20 жыл бұрын болған екен. Мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келген қарағандылықтар демалыстарының сәтті өтіп жатқанына дән риза.
Арман Жақсыбаев, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Балыққа біз таза демалуға келдік шынымен. Өткен жолы бірінші рет келгенде көбірек ұстадық. Қазір мынау кісі көп болғаннан кейін балықтар да азайып қалған ғой деймін. Осы жолы аздау, бірақ балық күшті енді. Тәтті.