«Жол апаты кеше кешке Ақсой ауылының маңында орын алды. «Тойота Хайлюкс» көлігінің жүргізушісі шөп тасып жүрген трактордың тіркемесіне соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан «Тойота» көлігінің үш жолаушысы көз жұмды, олардың екеуі — Жапон елінің азаматтары, біреуі — Алматы облысының тұрғыны», — деді Ж. Сембеков.
Сонымен бірге, апаттан «Тойота Хайлюкс» көлігінің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы — Жапония азаматы жарақаттанды. Олар Топар поселкесінің ауруханасына жеткізілді.