Жарияланды: 460

Қарағанды облысында екі автобустың соқтығысуы салдарынан 8 адам мерт болып, тағы да 8 адам жарақаттанды

Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында Қарағанды-Саран тас жолының 3-шақырымында 11-қараша күні 9 сағат 16 минутта "Сиетра" автобусының жүргізушісі "Мерседес-Бенц" микроавтобусымен соқтығысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдарынан 8 адам, соның ішінде "Мерседес-Бенц" микроавтобусының жүргізушісі мен жеті жолаушы қаза тапты. Тағы да сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін