Облыстық ІІД мәліметтеріне сүйенсек, Балқаштан бес шақырым жерде Алматы — Екатеринбург тас жолында «Фольксваген-Пассат» маркалы автокөлік тоқтатылған. Ол көлікте Сарышаған станциясының тұрғыны 42 жастағы жүргізуші мен Қарағанды тұрғыны, 29 жастағы жұмыс істемейтін, сотталмаған жолаушы болған. Жолаушыдан 12 полимер пакеті бар спорттық сөмке табылған. Сараптама қорытындысына сүйенсек, онда 935,58 грамм героин, 9,492 кг апиын мен 2,530 кг анаша болған.
Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы 4 тармағы (Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды тұрғыны тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады есірткі саудасымен және есірткі айналымымен күрес бөлімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті