Жарияланды: 500

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан екі трасса жабылды

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы ахуалынан Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды-Балхаш автотрассалары бір тәулікке жабылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінен берген түсініктемеге жүгінсек, соңғы тәуліктерде ауаның температурасы 0 градус шамасында сақталса, жексенбіде көп қар жауған. Осыған байланысты жолдардың кейбір бөліктерінде қатты мұз қатып, жүруге жағдай болмай қалды. Бүгін, 9-ақпанда тас жолдардағы қозғалыс қайтадан қалпына келтірілді. Дейтұрғанмен, ауа райының ахуалы нашарлай түсуде. Қарағандыда күшті қарлы бұрқасын басталды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, әзірге күшті дауыл туралы ескерту берілген жоқ. Дейтұрғанмен, жағдай алдағы бірнеше сағатта өзгеруі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін