Қарағанды облысында мектеп директоры оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында мектеп директоры оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартылды

Қарағанды облысында мектеп директоры оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартылды

АСТАНА. 24 - шілде. Kazakhstan Today. Екібастұз қаласының № 24 орта мектебінің директоры оқушылардан заңсыз ақша жинағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында айтылған.

  • 24 Шiлде 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

Тексеру барысында «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 30-бабы бұзылғандығы, мектеп оқушыларының ата-аналары 2006 жылдың қыркүйегінен 2007-жылдың сәуіріне дейін ай сайын 600 теңге көлемінде ақша төлеп отырғандығы белгілі болды»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспаөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, білім ордасының жанында мектеп қажеттілігіне ақша жинаумен айналысқан «Көмек» № 24 ЖОМ қайырымдылық қоры» атты коммерциялық емес ұйым құрылған. Хабарламада аталып көрсетілгендей, қор жарғысы бойынша қордың мақсаты қайырымдылық ісі, оқушылар үшін қажетті жағдайды жасау, қаржылық қолдаумен қамсыздандыру, материалдық- техникалық базаны нығайту және мектептің одан әрі дамуына көмек көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, Бас прокуратурадағылар «заңның 12-ші бабының 4-тармағы бойынша қордың өз есепшісі болуға тиіс екендігін түсіндіріп өтті. Бірақ «ақша-қаражат мектептің бухгалтериясына түсіп отырған, себебі қордың бухгалтериясы болмаған», деп атап көрсетті баспасөз қызметінің қызметкерлері. Олардың ақпараттарына сүйенсек, «кіріс-шығыс ордерін тексеру барысында келген шығын 639 500 теңгенің 533 411 теңгесін құраған. Қаражат қордың жарғылық мақсатына сай емес мақсаттарға негізсіз жұмсалған».

«Атап айтқанда, түскен қаржы жалюзи сатып алуға, қалалық білім беру бөлімінің қажеттілігіне, такси қызметін пайдалануға, жария беруге, жиһаздар, ыдыс-аяқ сатып алуға, радиаторды жөндетуге, гүлдер мен кітаптар сатып алуға жұмсалған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қала прокуратурасының ұсынысы бойынша № 24 орта мектебінің директоры тәртіптік жауапқа тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті