Қарағанды облысында оқушылар оқ атуды үйренуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында оқушылар оқ атуды үйренуде

Қарағанды облысында оқушылар оқ атуды үйренуде

Елімізде алғаш рет мектеп жасындағы балалардың әскери оқу жаттығулары ұйымдастырылды. Алдағы 4 күн бойы өңірлерде іріктеуден өтіп келген 800 өрен Қарағандыдағы Спасск полигонына ұрыстық іс қимылдан сынға түседі.  

  • 11 Маусым 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Олар спорттық сайыстар түсіп, әскери дайындықтарын паш етпек. Белтемірге тартылып, автомат пен пневматикалық қарулардан 100 метрдегі нысанаға оқ атады. Командирлердің бұйрығын бұлжытпай орындап, қарым-қабілеттерін де көрсетуі тиіс. Шараның ашылу салтанатында әскери техника мен сарбаздардың өнері тамашаланды. Бір қызығы әскери жаттығуға қыз балалар да көптеп тартылған. Олар жаралы жауынгерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуден сынға түспек.