Индустрияландыру картасына енген бұл жобаны жүзеге асыру барысы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұханбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен инвестициялық қызмет жөніндегі облыстық комитет отырысында талқыланды.
«180 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жобаның құны 2 миллиард теңгеден асады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін 590 миллион теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді» , — деп Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев отырыс барысында мәлімдеді.
Ет өндіруге бағытталған құс фабрикасын Бұқаржырау ауданының Доскей ауылында «Здоровые продукты» ЖШС пайдалануға береді.
Құс фабрикасының жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна бройлер құсты құпайды, дейді Т.Игембаев.
Барлық қажетті технологиялық қондырғы мен металл конструкциялар лизингке сатып алынды. Құс фабрикасы 2015 жылы іске қосылмақ, 2016 жылы жобалық қуаттылыққа шығады.