Қарағанды облысында Шымкенттің тұрғыны 19 кг героинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында Шымкенттің тұрғыны 19 кг героинмен ұсталды

Қарағанды облысында Шымкенттің тұрғыны 19 кг героинмен ұсталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. ҚАРАҒАНДЫ. Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері көлікпен 19 кг героин әкеле жатқан Шымкенттің тұрғынын ұстады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен.

  • 23 Тамыз 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Арнаулы қызметтің қызметкерлері Алматы — Екатеринбург тасжолында «ГАЗель» көлігін тоқтатқан. «Көлікті қарау кезінде есіктің жақтауының астынан және орындықтың астынан жалпы салмағы 19 кг жуық героин салынған 13 дорба табылып, тәркіленген»,- деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз сақтау, дайындау және сату) қылмыстық іс қозғады.

Ұсталған қамауға алынды, деп нақтылап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілер.