Қарағанды облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Қарағанды облысында ірі жол апаты орын алды. Қарағанды-Аягөз күре жолында 2 жеңіл көліктің соқтығысуынан 8 адам қаза тауып, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

  • 2 Тамыз 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz


Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ІІД ЖПБ бастығы:

— Алдын ала болжам бойынша, 35 жастағы әйел адам автокөліктің басқару тетігіне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, соның салдарынан қайғылы оқиға болды.

Осылайша, “Хонда” көлігінің тізгініне ие бола алмаған 35 жастағы келіншек жолдың қарсы бетіне шығып кетіп,“Опель” көлігімен соқтығысқан. “Опельдің” жүргізушісі мен бес жолаушысы, “Хонданың” да жүргізушісі мен қасында отырған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бүгін Қарағанды облысында тағы бір жол апатынан 2 адам көз жұмды. Жол бойындағы көлшікке түсіп кеткен көліктегі адамдар одан шыға алмай қалған. 

Соңғы жаңалықтар