Қарағанды облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, бір адам ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Наурыз 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, Қарағанды облысында Алматы — Екатеринбург жол трассасында 6 наурызда 10 сағат 05 минутта «Мерседес» автобусының жүргізушісі «ВАЗ-2121» көлігімен қақтығысты.

«Жол көлік апаты салдарынан «ВАЗ-2121″ көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, оның көлігінде отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндірді министрліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті