Қарағанды облысында жол жабылғанына наразы жүргізушілер видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол жабылғанына наразы жүргізушілер видеоға түсіп қалды

Қарағанды облысында жол жабылғанына наразы жүргізушілер видеоға түсіп қалды

 

  • 6 Қаңтар 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында жүргізушілер полицейлермен дауласып, жабық жолға шығуға тырысқаны видеоға түсірілді, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. .

Әлеуметтік желілерде полицейлердің айтқанына бағынбай, Алматы-Екатеринбург жолына шығуға тырысқан жүргізушілер түсірілген видео тарап жатыр. Видеода көлік иелері ашулы екені және жолды ашуды талап еткені көрінеді. Видео Желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырған. Көбі полицияның ұстанымын қолдап, ролик кейіпкерлерін жазалауды талап етті.

"Былтыр Осакаровка жолында бағынбағаны үшін адамдар жауапқа тартылды, бұларды да жазаға тарту керек! Қызметкерлерге қол көтермейтін, сөздерін қадағалайтын болады", — деп жазған Желі қолданушысы.


Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілі де видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілі видео Балқаш маңындағы тасжолда түсірілгенін айтты.

Соңғы жаңалықтар