Қарағанды облысында жыл басынан бері 50-ден астам АИВ инфекциясын жұқтырғандар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жыл басынан бері 50-ден астам АИВ инфекциясын жұқтырғандар анықталды

Қарағанды облысында жыл басынан бері 50-ден астам АИВ инфекциясын жұқтырғандар анықталды

Қарағанды облысында жыл басынан бері 50-ден астам АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырғандар және ЖИТС-ке (СПИД) ұшыраған 10 адам анықталды, деп хабарлады ЖИТС-пен күрес жөніндегі облыстық орталықтан.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Екі айдың қорытындысымен АИВ инфекциясының 52 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, бұл індет үш адамға өскен. ЖИТС-ке ұшыраған 10 ауру адам анықталды», — делінген хабарламада.

ЖИТС-орталығының ақпараты бойынша АИВ инфекциясының көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 3,6-ны құрайды.

Індеттің жыныстық жолымен жұғуы басым болып отырғаны аталып өтілген. «Анықталған жағдайдың 70,6 пайызы жыныстық жолмен болған, 23,1 пайызы парентеральдық жағдаймен байланысты», — деп нақтылады орталықта.

АИВ инфекциясын жұқтырғандардың жартысына жуығы — әйелдер.  Эпидемиологтардың мәліметтері бойынша, АИВ  инфекциясын жыныстық жолмен жұқтырған облыстың 18 тұрғынының жасы 40-тан жоғары. АИВ инфекциясын жұқтырған 14 жасқа дейінгі 30 бала диспансерлік есепте тұрады.

 «Облыста АИВ инфекциясының есірткі пайдаланушылар арасында таралуы жалғасуда. Осы қылмысты істеген азаматтар түрмелерге түседі. Екі ай ішінде тұтқындалып тергеуде жүрген және сотталғандардың 5-уінен АИВ инфекциясы анықталған», — деп көрсетілген хабарламада.


Мамандар АИВ инфекциялары Абай, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарында, сондай-ақ Қарағанды және Жезқазған қалаларында артып отырғанын атап өтеді.