Жарияланды: 480

Қарағанды облысындағы "Вертекс-Инициатив" ЖШС-нің қоймасынан 11 жәшік капсула-детонаторлар жоғалып кетті

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысындағы "Вертекс-Инициатив" ЖШС-нің қоймасынан 11 жәшік, 22 мың дана капсула-детонаторлар жоғалып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 19 қарашада сағат 16.00-де Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Вертекс-Инициатив" ЖШС өкілінен қоймадан 11 жәшік, 22 мың дана капсула-детонаторлар жоғалып кеткені туралы хабар келген. Бұл іс бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін