Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты

Қарағанды облысының әкімі Камалтин Мұхамеджанов "Казахстанская" шахтасында қаза тапқан шахтерлардың отбасына көңіл айтты,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне.

  • 8 Шiлде 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-шілдеде таңертеңгі сағат 6-да «Испат-Кармет» ААҚ-ның көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында болған апат салдарынан 20 жастағы Алексей Мельников пен 30 жастағы Серік Әбуев қаза тапқан болатын.

Осыған байланысты оқиғаның себеп-салдарын анықтауға арналған комиссия құрылды. Төтенше жағдай болған жерде құлаған арканың бекіністері қалпына келтіріліп, опырылған тау жыныстары тазартылуда. Төтенше жағдайдың залал-зардабын жою жұмыстарын апаттан құтқару жөніндегі «Көмір» жауынгерлік бөлімінің әскерилері мен «Казахстанская» шахтасының құтқарушылары атқаруда.
К.Мұхамеджанов «Испат-Кармет» ААҚ көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презентке қаза тапқандардың отбасына қолұшын беру жөнінде өтініш жасады.

Соңғы жаңалықтар