Қарағанды облысының экс-әкіміне сыбайластыққа қатысты тағы бір айып тағылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының экс-әкіміне сыбайластыққа қатысты тағы бір айып тағылып отыр

Қарағанды облысының экс-әкіміне сыбайластыққа қатысты тағы бір айып тағылып отыр

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешовке тағы бір сыбайлас қылмысқа қатысты айып тағылып отыр,

  • 16 Қазан 2014
  • 506
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің тергеу-шұғыл тобынан.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, Б.Әбдішов металл бұйымдарын жасаушы теміртаулық "Сталь Монтаж" ЖШС-нің басшылығынан 12 млн теңге алған.

"Бұл ЖШС Бауыржан Әбдешовке қомақты ақша берген соң Қарағандыны көріктендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқық алған», деді агенттікпен әңгімелесуші.

Ал оның қорғаушысы Серік Алпысов болса "ИФ-Қазақстанға" әкс-әкімнің ақша алғандығы туралы дәлелдер жоқ, деп айтты.

"Ақша берілді ме, жоқ па, ол жағы анықталмаған. Лауазымды міндеттеріне орай әкім тендер қорытындысына ықпал ете алмайды.Жеңімпазды іріктеуші комиссия бар. Мен оның кінәсіздігін дәлелдеймін», деді адвокат.


Алдында хабарланғандай, 23 қыркүйек күні Б.Әбдешов өз үйінде ұсталып, Қарағанды ІІБ изоляторына жеткізілген. Оған қызмет бабын бұрмалап пайдалану фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалған болатын. 26-қыркүйекке қараған түні Қарағандының №1 Қазыбек би аудандық соты оны қамауға алу туралы қаулы шығарған.