Жарияланды: 490

Қарағанды облысының кедей ауылдарын сумен жабдықтауға қарыз беріледі

Парламент мәжілісіне үкіметтен "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкінің арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылдарын сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасы келіп түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жобаның мақсаты - табысы төмен деңгейдегі 94 іріктелген ауылдық елдімекендегі денсаулық сақтау , тұрмыс сапасы мен тазалық деңгейін жақсарту, сумен қамтамасыз ету болып табылады. Қарыз сомасы 7 млн. ислам динарын (9,451 млн. АҚШ долл.) құрайды. Қазақстан Республикасының үкіметі бөлетін қаржы көлемі 1,863 млн. АҚШ долларынан аспайды. Жылдық проценттік ставка 2,5 процент . Қарыз беру мерзімі жеті жылдық жеңілдікті мерзімді қоса алғанда 25 жыл болып табылады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті жоба бойынша атқарушы агенттік болып отыр. Заң жобасы мәжілісте талқыланған кезде баяндама жасау міндетін үкімет ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаевқа тапсырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін