Қарағандыда 1 қазаннан бастап коммуналдық қызметтер құнының өсуіне байланысты тұрғын үй жәрдемақысы өсіріледі
Қарағанды. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда қалалық мәслихаттың депутаттары 1 қазаннан бастап коммуналдық қызметтер құнының өсуіне байланысты кедейлер, зейнеткерлер, студенттер мен жалғызбасты аналарға, сондай-ақ, кірісі ең төмен тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақысының көлемін ұлғайтуға шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Взгляд" газетіне сілтеме жасап. |
"Пәтер аумағы 30 шаршы метр болған жағдайда коммуналдық қызмет үшін төленетін ай сайынғы ақы 3500 теңге екендігі негіз етіп алынды. Сонымен бірге, отбасының жиынтық кірісі есепке алынды", - деп жазады басылым.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін