Қарағандыда адам өліміне кінәлі шенеунік әкімшілік жазаға да тартылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда адам өліміне кінәлі шенеунік әкімшілік жазаға да тартылмады

Қарағандыда адам өліміне кінәлі шенеунік әкімшілік жазаға да тартылмады

Адам өліміне әкелген жол апатын жасаған қарағандылық экс шенеунік бостандыққа шыққаны былай тұрсын, жүргізуші куәлігінен де айырылмаған. Құзырлы органдар екі жақ мәмілеге келгендіктен Ерлан Өтешев әкімшілік жазаға да тартылмайды дейді.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 383
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, ақпанның 16-сы күні Тұрғынүй шаруашылығы басқармасының бастығы тақымдаған көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, үш машинаны талқандаған болатын. Салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам көз жұмды. Көлікті мас күйінде басқарған шенеунік қамауға алынып, тергеу кезіндегі 5 айын абақтыда өткізген. Дегенмен, зардап шегуші жақ кешірім жасағандықтан іс сотқа жетпей жабылды да, Өтешев бостандыққа шықты. Оның тіпті көлік басқару құқығынан айырылмағаны да белгілі болды. Прокуратура мен сот өкілдері тараптар татуласқан соң, апат кезінде экс-шенеуніктің араққа сылқия тойып алғаны да ескерілмейді деп есінеп отыр.