37 жастағы Ерлан Жаңабеков «Хабар» Агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі-тұғын. Ерлан Қарағандыда туып өсіп, осы жерде еңбек жолын бастады.
Бүгін таңертең қаладағы «Шалқыма» концерт залына Ерланды ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам келді. Қаралы жиында оның достары, әріптестері, облыс басшылары, Агенттіктің Астана, Алматы және Ресейдегі өкілдері сөз сөйледі.
Бүгін кешкі сағат 18 жарымда қарағандылық журналистердің ұсынысы бойынша Қарағандыдағы барлық теле- және радиоарналарда Ерлан Жаңабековты еске алуға арналған минуттық үнсіздік жарияланады.