Қарағандыда болған төбелестің видеосы тарап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда болған төбелестің видеосы тарап кетті

Қарағандыда болған төбелестің видеосы тарап кетті

Қарағанды қаласында ішімдік ішіп алған екі ер адам 16 жастағы бозбалаға жабылып, пышақ жарақатын салды. Жолаушылар аялдамадағы төбелесті видеоға түсірді, деп хабарлайды "Вечерняя Караганда" сайтының Telegram-арнасы.

  • 22 Шiлде 2021
  • 447
Фото - Caravan.kz

Видеода бозбаланың күрес әдісін жақсы меңгергенін анық байқауға болады. Ол алдымен бұзақының біреуін аяқтан ұстап, жерге құлатса, екіншісін көтеріп алып, артына қарай лақтырған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, оған 23 және 36 жастағы тұрғындар жабылған. Олар аялдамада тұрғанда балағат сөз айтқан. Осы кезде жігіт екеуіне ескерту жасаған. Осыдан жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына полицейлер барғанша бұзақылар қашып кетті. Жас палуан айтарлықтай жарақат алған жоқ. Сол себепті медициналық көмектен бас тартты. Артынан бұзақылар анықталды.

Ал Telegram-арнаға хабарласқан бозбаланың анасы бұзақылардың Темірланға үш жерден пышақ сұққанын айтты. Пышақ басына, кеудесіне және қолына тиген. Ал қолындағы жарасын тігуге тура келді.


"Қайта біреуі (36 жастағы ер адам) қатты мас болған. Әйтпесе, бәрі басқаша болатын еді. Аллаға шүкір, ұлым аман қалды", – деді Айсұлу Матаева.

Оның айтуынша, төбелес Михайловкадағы "Стекляшка" аялдамасында болған. Ал пышақ қолданған ер адамды қамауға алған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар