Қарағандыда бұрынғы көңілдесінің пәтерін тонап кеткен ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бұрынғы көңілдесінің пәтерін тонап кеткен ер адам ұсталды

Қарағандыда бұрынғы көңілдесінің пәтерін тонап кеткен ер адам ұсталды

Қарағанды қаласында бұрынғы көңілдесінің пәтерін үптеп кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

  • 29 Қаңтар 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бұрынғы көңілдесі оның үйде жоқтығын пайдаланып, тонын, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Шығын көлемі шамамен бір миллион теңгені құрайды. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. 

28 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 31 жастағы ер адам ұсталып, кінәсін мойындады. Ол ұрланған заттарды арзан бағамен сатқан немесе ломбардтарға тапсырған болып шықты. Бағалы заттардың бір бөлігі алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар