Қарағандыда буындарға эндопротездер орнату операцияларын жасау жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда буындарға эндопротездер орнату операцияларын жасау жоспарлануда

Қарағандыда буындарға эндопротездер орнату операцияларын жасау жоспарлануда

Қарағанды. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханада жуырда буындарға эндопротездер орнату операцияларын жасау жоспарлануда. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мәжит Шайдаров хабарлады.

  • 20 Наурыз 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Зақымданған тізе, ұршық және шынтақ буындарын жасанды буынға ауыстыру коксартрозбен ауратын адамдарға қалыпты әрі толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді», — деді М. Шайдаров.

Департамент директорының хабарлауынша, таяу уақыттарда Германияда өндірілген 80 протез (40 — цементті және 40 — цементсіз) сатып алынады.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бүгінгі күні 600 жуық адам осындай операцияға мұқтаж.

«Алдағы 2 — 3 жылда барлық мұқтаж жандар жасанды буын салғызады», — деді М. Шайдаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті