Қарағандыда ер адам баласы үшін 3-сынып оқушысын сабаған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ер адам баласы үшін 3-сынып оқушысын сабаған

Қарағандыда ер адам баласы үшін 3-сынып оқушысын сабаған

Қарағандыда 3-сынып оқушысын ұрған 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Қарағандыдағы №50 орта мектеп оқушысын ұру фактісі бойынша бала анасының  арызы Киров полиция бөлімінде тіркелген.  Бұл іске кінәлі деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Ер адам баласын ренжіткен оқушымен өзі есеп айырыспақ болған. Ол үшінші сынып оқушысын мектеп маңындағы спорттық алаңға апарып ұрған.