Қарағандыда кәсіпкер салық төлеуден жалтарғаны үшін екі жылға сотталды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда кәсіпкер салық төлеуден жалтарғаны үшін екі жылға сотталды - прокуратура

Қарағандыда кәсіпкер салық төлеуден жалтарғаны үшін екі жылға сотталды - прокуратура

Қарағанды. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының шешімімен кәсіпкер Қанат Қамзаев салық төлеуден жалтарғаны, заңнамада қарастырылған мәліметтерді құжатқа түсіруден жалтарғаны, сондай-ақ, бухгалтерлік құжаттарға қасақана жалған ақпараттарды көрсеткені үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қараша 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Соттың үкімімен Қ. Қамзаев екі жылға бас бостандығынан айрылып, 233 мың 600 теңге айыппұл төлеп, мүлкін тәркілетті. Одан мемлекеттік кіріске 413 775 917 теңге көлеміндегі материалдық шығын өндіріп алынды», -деп хабарлайды прокуратура.

«Сот Қамзаевтың 2004 жылдан бері кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын сансыз фирмалар құрып келгенін анықтады. Бірақ ол салық төлемей, бухгалтерлік құжаттарға ақша айналымын төмендетіп көрсеткен».

Тек ол құрған бір ғана фирма 2004 жылдың 15 қаңтары мен 2007 жылдың қазан айлары аралығында 16 848 074 теңгенің салығын төлемеген, деп хабарлайды прокуратура.

Сотта кәсіпкер өзінің айыбын мойындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар