Қарағандыда кремний зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда кремний зауыты іске қосылды

Қарағандыда кремний зауыты іске қосылды

Осыдан жеті жыл бұрын салынып, 2010-2012 жылдар аралығында ғана жұмыс істеп, кейін тұралап қалған зауыт мемлекеттің қолдауымен қайтадан ашылып отыр. «Самұрық-Қазына» қоры бұрынғы қожайындарының инвестор мен жұмысшыларға қарызын өтеп берген.

  • 16 Қазан 2014
  • 224
Фото - Caravan.kz

Зауыттың негізгі өнімі металургиялық кремний тек қана экспортқа арналған. Оны АҚШ пен Жапонияға жібереді. Кәсіпорны іске қосылмай тұрып-ақ шетелдерден көп тапсырыс түскен екен. Зауыт жұмыс істеген 1 жарым жылда бұл сұраныс өтеліп бітпеген. Қожайыны кісі өлтірді деп айыпталып, кейіннен шетелге қашып кеткен. «Силициум Қазақстан» серіктестігінің иелігіндегі зауыт 2012 жылы біржола тұралады. Сөйтіп, 500-ге тарта адам жұмыссыз қалған еді. Компания Германиялық серіктестерімен бірлесіп отандық қаржы институттарына 230 миллион доллардан аса қарыз болып қалғаны кейін анықталды. 1 жарым жыл жұмыссыз тұрған зауытты іске қосқан «Тау Кен Темір» ЖШС  300 адамды жұмысқа қайта алды. Келешекте өндіріс қажетті қарқынына жететініне олар нық сенімді. 


Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

-Біз бұрынғы иелерінен сот арқылы төленбеген қарызға қатысы кепілдерін өзіміздің меншікке алдық. Мұны біз осы жылдың қаңтар айында бітіргенбіз. Бүгін Қазақстан инвестицялық қоры, оның ішінде «Бәйтерек» қоры осы зауыттың 100 пайыз иесі.