Қарағандыда мас күйінде көлік айдаған полицей ішкі істер органынан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда мас күйінде көлік айдаған полицей ішкі істер органынан қуылды

Қарағандыда мас күйінде көлік айдаған полицей ішкі істер органынан қуылды

Қарағандыда мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған полицей ішкі істер органынан қуылды.

  • 10 Қараша 2012
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ведомствоның берген мәліметтеріне қарағанда, қазан айының соңында облыстық ІІД кадрлық жұмыс басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қызметкерлері жол полициясы басқармасымен бірлесіп өткізген рейд барысында Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Киров полиция бөлімшесі кезекшілік бөлімінің бастығы мінген «Тойота» көлігін тоқтатты. Сараптама көрсеткендей, жүргізуші көлікті жүргізу кезінде мас болған.

«Сол күні ІІД басшысының бұйрығымен полиция қызметкері қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органынан шығарылды», — деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар