Жарияланды: 410

Қарағандыда орта мектептің директоры пара алып жатқан сәтте ұсталды

Қарағанды. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыдағы № 18 орта мектептің директоры пара алып жатқан сәтте ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды қалалық "Вечерняя газета" басылымына сілтеме жасап.

ҰҚКД-іне шағымдана келген бір жұмыссыз әйел осы мектепке бастауыш сыныптардың мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқысы келгенін жеткізген. "Сол үшін мектеп директоры Балдырған Сәдуақасова әйелден $1 мың көлемінде пара талап еткен", - деп хабарлайды ҰҚКД баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Махлов. "ҰҚКД қызметкерлері мектеп директорын өзінің жұмыс бөлмесінде 60 мың теңге алып жатқан сәтте қолға түсірді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің пара бопсалау жөніндегі 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мектеп директоры ешқайда кетпеу туралы қолхат берді, тергеу жүргізілуде", - деп жазады басылым. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін