Құрылысы осы жылдың сәуір айында басталған тас жолға 25 миллион теңге бөлінген. Жөндеу қарашаға жоспарланғанымен, тақтайдай тас жол Елбасы келердің дәл алдында дайын болды. Алайда жылу магистралі өтетін жердің үстіне күн-түн демей төселген асфальт айдан аспай- ақ толқып шыға келген. Жергілікті билік енді мердігер жол құрлысын асықпай аяқтау керек еді дейді. Оған президент келетін уақытта дайында деген ешкім жоқ екен. Ал қазынаның қаржысын қалтасына басып кеткен астаналық фирманың артынан қалған жыртықты енді басқалар жамап жатыр. Биліктегілер қираған жолды жаны ашыған қалталы азаматтар өз есептерінен жөндеп жатыр деп сендірді.
Ерғали Қысрауынов, Қарағанды қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы:
-Көптеген жол жөндеуші ұйымдар сол жерді өз қаражаттарын салып жөндеп беруге келісті. Қаланың 80 жылдығына сыйлық ретінде. Ал жұмысты ойдағыдай атқармаған компанияны сотқа беріп, оны ендігәрі байқауларға қатыспайтындай етеміз.