Қарағандыда прокурор "Валют-Транзит" банктің бұрынғы төрағасын 5 жыл бас бостандығынан айырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда прокурор  "Валют-Транзит" банктің бұрынғы төрағасын  5 жыл бас бостандығынан айырмақшы

Қарағандыда прокурор "Валют-Транзит" банктің бұрынғы төрағасын 5 жыл бас бостандығынан айырмақшы

Қарағанды. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Алмас Әбдіқасов таратылған "Валют-Транзит" банкінің бұрынғы басшысы Андрей Беляловқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұрауда. Бұл туралы соттың кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

Прокурор басқа айыпталушыларға 3-4 жыл бас бостандығынана айыру жазасын жүктеуді сұрауда. Бүгінде сот процессі жалғасуда.

№2 аудандық сот судьясы Ләззәт Сәлімбаева айыпталушыларға соңғы сөз бергеннен кейін, үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетеді. Үкім жақын уақытта шығарылыда деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, сот алдына «Валют-Транзит» банктің бұрынғы жеті қызметкері тартылып, оларға ҚР ҚК жеті бабы бойынша айып тағылуда. Олар 193- баптың 2- тармағы (заңсыз жолмен алынған ақшаны ақтау); 182 — бап (алдау арқылы мүлік шығынын келтіру); 192- бап (заңсыз кәсіпкерлік); 220- бап (банк қаржысын заңсыз пайдалану); 228- бап (коммерциялық ұйымдардың мүддесіне қарсы қылмыс, құзырын асыра пайдалану); 325- бап (жалған құжаттарды жасау); 218 бап (бухгалтерлік тәртіпті бұзу) бойынша сот алдында жауап береді.

Қаржылық топтың қызметінен 6,5 млрд теңгенің шығыны келтірілген. Тергеу болжамдары бойынша, барлық қаржы операциялары банкпен ауыз жаласқан компаниялардың есепшоттары арқылы жасалған. Қылмыстық істің тергеуі барысында шығындарды қайтару мақсатында Қазақстан бойынша 519 нысанға тыйым салынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті