Қарағандыда тағы бір әкім не себепті қамауға алынды? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тағы бір әкім не себепті қамауға алынды?

Қарағандыда тағы бір әкім не себепті қамауға алынды?

Қарағанды облысында тағы бір әкім қамауға алынды. Бұл жолы Осакаров ауданының басшысы Нұржан Әбілдин жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Еңбек демалысында жүрген шенеуніктің жұмыс бөлмесінің есігіне мөр басып, өзін абақтыға жапқан тергеушілер  мәселенің анық-қанығын әлі айтпай отыр. 

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

Нұржан Әбілдин бұл қызметке осыдан екі ай бұрын ғана тағайындалған. Ал бұған дейін, табаны күректей 9 жыл Осакаровтың бұрынғы әкімінің тұрғын үй құрылысы жөніндегі орынбасары болыпты. Осы жылдар ішінде жергілікті тұрғындар «шенеунік бюджет қаражатын ысырап етіп жатыр» деп, премьер- министрге дейін шағымданған екен. Дегенмен ол қызметін жалғастырып, тіпті лауазымы жоғарылады. Үзеңгілестері жаңа креслоға жайғаса салысымен жарғақ құлағы жастыққа тимей, жұрт қамын жеп, ауданды аралағанын айтады. Тосын жағдайдың қалай болғанын олар да түсіне алар емес.

Валентина Әбілсейітова, Осакаров ауданы әкімінің аппарат жетекшісі
:

Қыркүйектің 24-інен бастап еңбек демалысында жүрген. Кеше кешке болған дейді. Бірақ оны өзім көрмедім, іссапарында едім. Анық-қанығын білмейміз. Баспасөзден қазір ғана оқып, жағамызды ұстап отырмыз.    

Соңғы жаңалықтар