Қарағандыда тура көше ортасында көлік жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тура көше ортасында көлік  жанып кетті

Қарағандыда тура көше ортасында көлік жанып кетті

Қарағандыда көлік өртенді. Таңертеңгілік қарбаласта бағдаршамға тоқтаған Пежо аяқ астынан отқа оранған.

  • 27 Қараша 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

2014 жылы шыққан жап-жаңа көліктің іші тоқтай сала түтінге толған. Сөйтсе, ондағы құрылғылар орналасқан панельдің асты өртенген екен. Болжам бойынша, от электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қас пен көздің арасында қызыл жалынға оранған Пежодан қыз жүргізуші қашып шығып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер 5 минуттың ішінде жеткенімен, көліктің сау тамтығы қалмады.

Соңғы жаңалықтар